- Басты бет
- Жаңалықтар
- Теңіз фаунасы мен флорасын пластиктік ластанудан сақтау (ТДМ 14 – Теңіз экожүйелерін сақтау)
Теңіз фаунасы мен флорасын пластиктік ластанудан сақтау (ТДМ 14 – Теңіз экожүйелерін сақтау)

5 наурыз күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, педагогика және білім берудегі менеджмент кафедрасында доцент Б. Иманбекова мен оқытушы М. Мырзағулованың жетекшілігімен 1 курс докторанттары («8D05104 – Генетика» мамандығы) К.С. Адильбаева және Б.К. Каменов ұйымдастырған «Теңіз фаунасы мен флорасын пластиктік ластанудан сақтау» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті (ТДМ 14 – Теңіз экожүйелерін сақтау).
Бұл іс-шараға Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Биотехнология» мамандығының 3 курс студенттері белсенді қатысып, аталған мәселе бойынша қызығушылық танытты. Жалпы, іс-шараға 25 адам қатысты.
🔹 Іс-шараның мақсаты – студенттердің назарын пластикалық қалдықтардың теңіз және мұхит экожүйелеріне тигізетін зиянына аудару және оны азайту жолдарын талқылау.
🔹 Іс-шара барысында:
- Студенттер пластик қалдықтарын өңдеу, қайта пайдалану және утилизациялау әдістерін талқылады.
- Пластик түрлері, өндіріс технологиясы, химиялық құрамы және қоршаған ортаға әсері қарастырылды.
- «Пластик аралдары» – әлемдік мұхиттағы қоқыс шоғырлары туралы мәселе қозғалып, оның қалыптасу себептері түсіндірілді.
- Интерактивті пікірталас барысында қатысушылар күнделікті өмірде пластикалық қалдықтарды азайту үшін қандай қадамдар жасауға болатынын ұсынды, экологиялық таза балама материалдар және халықтың экологиялық санасын көтеру мүмкіндіктері талқыланды.
🔹 Іс-шара қорытындылары:
✔ Студенттер пластиктің теңіз экожүйесіне әсері туралы жаңа білім алды.
✔ Пластик қалдықтарын азайтудың тиімді жолдарын қарастырды.
✔ Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру деңгейі артты.
Осындай іс-шаралар студенттердің экологиялық санасын арттырып, қоршаған ортаны қорғау бойынша жаңа шешімдер іздеуге ынталандырады. Университет бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, жастардың экологиялық жауапкершілігін дамытуға арналған бастамаларды жүзеге асыруды жалғастырады.
Басқа жаңалықтар

