Саланың жетекші мамандарымен студенттердің кездесулерін өткізу
Студенттердің генетика саласындағы жетекші мамандармен кездесулерін өткізу болашақ ғалымдар мен практик мамандардың дамуы үшін маңызды рөл атқарады. Мұндай іс-шаралар студенттерге генетика саласындағы жаңашыл жетістіктермен танысуға, зерттеулердің озық әдістері мен ғылымның даму перспективалары туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
2025 жылғы 11 наурызда «6В05105 - Генетика» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері мен молекулалық биология және генетика кафедрасының оқытушыларының қатысуымен б.ғ.к., профессор Бекманов Б.О. мырзамен кездесу өтті. Кездесу барысында Бақытжан Орақбайұлы Генетика және физиология институтының қызметі, институттың зертханалары, сондай-ақ кәсіби мансап мүмкіндіктері туралы баяндап, студенттердің қойған барлық сұрақтарына жауап берді.
Осындай іс-шаралар студенттердің білімін тереңдетуге және сапалы білім алуына (ТДМ4), олардың ғылыми ойлау қабілетін дамытуға, сондай-ақ генетика және молекулалық биология саласында табысты мансапқа дайындалуына ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар

