- Басты бет
- Жаңалықтар
- 2025 ж. 6 наурызда Нурсеитова Лайла, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторанты «Орталық Азия + Жапония: заманауи үрдістер мен перспективалар» атты Сараптамалық Диалогқа қатысты
2025 ж. 6 наурызда Нурсеитова Лайла, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторанты «Орталық Азия + Жапония: заманауи үрдістер мен перспективалар» атты Сараптамалық Диалогқа қатысты
.jpeg)
6 наурыз күні Астана қаласында "Орталық Азия + Жапония: заманауи үрдістер мен перспективалар" атты Сараптамалық Диалог өтті. Бұл іс-шараны Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) және Maqsut Narikbayev University (MNU) бірлесіп ұйымдастырды. Бұл іс-шараға Орталық Азия елдері мен Жапонияның жетекші сарапшылары, ғылыми және дипломатиялық қауымдастық өкілдері қатысты.
Диалогтың белсенді қатысушыларының бірі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ), Шығыстану факультетінің PhD докторанты Нурсеитова Лайла болды. Іс-шара барысында Жапония мен Орталық Азия елдері арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары және серіктестік қатынастарды нығайту жолдары талқыланды.
Сараптамалық Диалогқа арнайы қатысу үшін Қазақстанға Жапонияның жетекші сарапшылары келді. Олар Жапонияның халықаралық қатынастар институтының директоры Томоюки ЁШИДА мырза және Хоккайдо университетінің Славян-Еуразиялық зерттеулер орталығының профессоры Томохико УЯМА мырза. Олар өңірдегі заманауи үрдістер мен ұзақ мерзімді сын-қатерлер бойынша аналитикалық көзқарастарын ұсынды.
Іс-шара барысында келесі негізгі мәселелер қарастырылды:
Орталық Азия мен Жапонияның ынтымақтастық архитектурасы;
Жапонияның көлік-технологиялық синергиясы;
GovTech және FinTech салаларындағы цифрлық шешімдер;
Тұрақты қалалар және экологиялық мәселелер;
Сараптамалық база және серіктестік қатынастарды дамытудағы ұзақ мерзімді сын-қатерлер. «Орталық Азия + Жапония» Сараптамалық Диалогы аймақ елдері мен Жапония арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін растады, сондай-ақ экономика, технологиялар және тұрақты даму салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын айқындады.
Іс-шараны ұйымдастырушылар мұндай кездесулер екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ сарапшылар мен академиялық қауымдастық өкілдері арасында білім мен тәжірибе алмасуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Басқа жаңалықтар

