Қытай-Орталық Азия құқығын анықтау және зерттеу орталығының ашылуы

2025 жылдың 11 наурызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасында "Қытай-Орталық Азия құқығын анықтау және зерттеу орталығы — Қытай-Қазақстан құқықтық зерттеу орталығы" салтанатты түрде ашылды.
Іс-шараға:
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы-Ректор
Чжао Вандун — Солтүстік-Батыс саясаттану және құқық университетінің партия хатшысы
Лю Яцзюнь — Халықаралық құқық мектебінің деканы, Құқықтық сараптама және зерттеу орталығының атқарушы директоры
Шу Хуншуй — Ұлттық қауіпсіздік мектебінің деканы, Орталық директоры
Ли Дайонг — Академиялық істер департаментінің директоры
Чен Мэнци — Халықаралық алмасу және ынтымақтастық кеңсесі директорының орынбасары
Ахатов Уәлихан Ақыпбекұлы — заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты, профессордың м.а.
Қуаналиева Гүлдана Амангелдіқызы — кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор
Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен магистранттары қатысты.
Аталған орталықтың ашылуы Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының №17 — "Тұрақты даму үшін жаһандық әріптестік" мақсатына толық сәйкес келеді. Бұл бастама Қазақстан мен Қытай арасындағы құқықтық ынтымақтастықты тереңдетіп, құқықтық зерттеулерді кеңейту арқылы трансшекаралық серіктестікті нығайтады. Сондай-ақ, заң саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, кедендік және қаржылық құқық мәселелерін бірлесе талдауға, академиялық алмасуды арттыруға мүмкіндік береді.
Орталықтың жұмысы халықаралық құқықтық диалогты дамытуға, ғылыми зерттеулер жүргізуге, құқықтық реформаларды талқылауға және заң ғылымының заманауи мәселелерін шешуде тәжірибе алмасуға бағытталған. Бұл өз кезегінде Орталық Азия мен Қытай арасындағы аймақтық ынтымақтастықты күшейтіп, аймақтағы экономикалық және құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Басқа жаңалықтар

