ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ - ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУГЕ ЖАҢА СЕРПІН БЕРДІFarabi University

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ - ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУГЕ ЖАҢА СЕРПІН БЕРДІ

14 наурыз, 2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың 4-ші жиынында атап өтті: "Еліміздегі саяси реформалар жан-жақты өзгерістер жасауға мүмкіндік берді. Жалпыхалықтық референдум арқылы Ата заңға түзетулер енгізілді. Парламенттің құзыры кеңейді, үкіметтің жауапкершілігі артты. Адам құқықтарын қорғау жүйесі жақсарды. Конституциялық сот құрылды. Шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың белсене қатысуына жол ашылды".       Ұлттық Құрылтайда келесі қоғамдық өзекті мәселелер талқыланды:  "Азаматтық қоғам";"Мәдениет. Өнер. Руханият"; "Білім және ғылым";"Әлеуметтік-экономикалық даму". Ел  экономикасының өсімі 4,8% болып, негізгі капиталға 19,3 трлн теңге инвестиция салынған. Сонымен қатар, тікелей шетелдік инвестиция көлемі 13 млрд доллар болған. Яғни ұлттық экономиканың даму серпіні өсіп жатыр.

       Жергілікті басқару жүйесінде ауыл әкімдерінің 72 пайызы жаңарды. Пилоттық жоба ретінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың 45 әкімі сайланды. Биылдан бастап барлық аудан әкімдерін халық тікелей сайлайтын болады. Түрлі деңгейдегі мәслихат сайлауы өкілді билік органдарының жұмысына тың серпін берді. Облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының 90 пайызы бір мандатты округтен, яғни тікелей дауыс беру арқылы сайланды.     Инновациялық  технологияларға негізделген білім экономикасын құрумен қатар, еліміздің жаппай цифрланған және жасанды интеллект жүйесі қарқынды дамуы керек. Жас мамандардың әлеуетін дұрыс пайдалану және нарық бәсекелестігі мен сұранысқа ие болатын сапалы мамандар даярлау арқылы  ұлттық экономикамыздың жаңа деңгейге бағыттау қажет. Жас мамандарды жергілікті басқару органдарында    өз мамандығымен жұмыспен қамту өңірлердің әлеуметтік-экономикалық деңгейін жақсартады және нарық кеңістігіндегі   бәсекеге қабілеттілігін арттырады. 

       Қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі  28 академик, 33 Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 600-ден астам ғылым докторы және 700-ден астам ғылым кандидаты бар. Сонымен қатар,  АҚШ, Германия, Индия, Қытай,  Оңтүстік Корея,  Ұлыбритания, Франция сияқты дамыған  елдердің студенттері білім алуда. "Экономика және бизнес" жоғары мектебінде  3 деңгейде дайындалып жатқан "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандықтарының   мақсаты кең ауқымды аналитикалық және практикалық дағдылары бар бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие болатын мамандар даярлау болып отыр.  Алыс  шет елдердің университеттерімен: жоғары оқу орындарымен   ынтымақтастық меморандумға қол қойылып 35 шет елдік ғалымдармен ғылыми жұмыстар атқарылуда. Оқу бағдарламалары жұмыс берушілердің талаптары мен ұсыныстары  ескерілуде. 

         Мемлекетіміз  "Менеджмент"кафедрасында 3 деңгейдегі даярланып жатқан  "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандықтарын  бітіруші түлектерімізге өте кең мүмкіндіктер беріп отыр:  жас мамандардың еліміздің 17 облысындағы 164 аудандарындағы  6208 ауылдық аймақтарға оралуына,  өңірлерде кадр тапшылығын азайтуға және мемлекеттік қызметке орналасып тәжірибе жинау мүмкіндігіне ие болып отыр. Ең бастысы  "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандықтарын  үздік бітірген түлектеріміз осы жеңілдіктер негізінде жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды.      

          "Менеджмент"кафедрасының профессор-оқытушылары, Ел Президентінің Ұлттық құрылтайдың 4-ші жиынында мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесін жетілдіру бағытындағы бағыт бағдарын қолдай отырып, оны іске асыру үшін барлық біліміміз бен тәжірибемізді жұмылдырамыз деп сендіреміз. 

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Менеджмент" кафедрасының профессоры, э.ғ.д.                  Оңалбек Абралиев