«Сақ- үйсін мәденикті және Алтын адам»

Мақсаты: Сақ-үйсін мәдениеті және Алтын адам тақырыбындағы қонақ дәрістің мақсаты – ежелгі сақтар мен үйсіндердің мәдени мұрасын таныстыру, археологиялық жетістіктерді насихаттау және тарихи сабақтастықты көрсету. Дәріс барысында Алтын адам табылған Есік қорғаны сияқты маңызды археологиялық жаңалықтар мен олардың қазақ мәдениетімен байланысы талқыланады. Сонымен қатар, сақ-үйсін өркениетінің ғылыми зерттелуіне назар аударылып, ұлттық тарихи мұраны дәріптеу көзделеді. Бұл дәріс тыңдаушылардың тарихи санасын қалыптастыруға және олардың мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Іс-шараның мазмұны: Іс-шара барысында “Есік” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және музей ісі бөлімінің жетекшісі Құрбанәлі Жазира тыңдаушыларға сақ-үйсін мәдениетінің ерекшеліктері мен археологиялық зерттеулердің маңыздылығы туралы баяндады. Ол Алтын адамның табылу тарихына, оның сақ мәдениетіндегі орнына, зергерлік бұйымдарының символикасына және ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне тоқталды. Сонымен қатар, тарихи-мәдени мұраны сақтау, насихаттау және кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы айтылды. Дәріс барысында қатысушылар археологиялық артефактілер мен олардың тарихи құндылығы туралы жан-жақты мағлұмат алды.
Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының бірнеше бағытына сәйкес өтті. Біріншіден, №4 – Сапалы білім мақсаты аясында қатысушыларға тарихи-мәдени мұраны таныстыру арқылы білім беру мен тарихи сананы қалыптастыруға басымдық берілді. Екіншіден, №11 – Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар бағыты бойынша археологиялық және мәдени ескерткіштерді сақтау мен қорғаудың маңыздылығы талқыланып, олардың тарихи құндылығы насихатталды. Сонымен қатар, №16 – Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар мақсатына сәйкес, шара тарихи сананы нығайту, халықтың мәдени мұраға деген құрметін арттыру және тарихи деректер негізінде ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын дәріптеуге бағытталды.
Дәріс соңында қатысушылар тақырып бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасты. Ғалымдар, оқытушылар мен тыңдаушылар тарихты зерттеудің маңыздылығын атап өтіп, осындай кездесулердің қажеттілігі туралы ой бөлісті.
Басқа жаңалықтар


