- Басты бет
- Жаңалықтар
- Уақыт үндестігі: Қазақстанның бірыңғай уақыт белдеуі – даму мен тәртіпке бастар жол
Уақыт үндестігі: Қазақстанның бірыңғай уақыт белдеуі – даму мен тәртіпке бастар жол

Ұлттық құрылтайда жасаған бағдарламалық баяндамасында біздің Республикамыздың аса құрметті Президенті Қ.-Ж. К. Тоқаев Қазақстан Республикасындағы бірыңғай уақыт белдеуі мәселесіне түбегейлі нүкте қойды.
Бұл мәселе оң шешімін тапты, сондықтан барша Республика тұрғындарын және осы аса маңызды мәселенің ғылыми негізделуіне, сондай-ақ шешім қабылдау үдерісіне белсене қатысқан Үкіметтік комиссия мүшелерін шын жүректен құттықтаймын!
Аталған жүйені енгізу еліміздің экономикасын және халықтың өмір салтын реттеуге мүмкіндік береді. Ғылыми негізделген биофизикалық және хронобиологиялық қағида бар: тәртіп – реттілік – динамика – ырғақ. Ал ырғақ – негэнтропияның, яғни құндылығын жоғалтпаған бос қуаттың қайнар көзі. Осы қуаттың арқасында біз тіршілік етеміз.
Қазақстан Республикасының барша халқына мықты денсаулық пен өркендеу тілеймін!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры,
ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі
С.Т. Төлеуханов
Басқа жаңалықтар

