ҚазҰУ-да "Шаңырақ күні" атап өтілдіFarabi University

ҚазҰУ-да "Шаңырақ күні" атап өтілді

17 наурыз, 2025

    Наурызнама онкүндігінің аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің "Парасат" кәсіподағы отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған «Шаңырақ күнін» ерекше түрде атап өтті. Университетте істейтін ерлі-зайыпты 18 жұп шақырылған "Мерейлі ҚазҰУ-лық отбасы" деп аталатын шараға Шығыстану факультетінен қытайтану кафедрасының меңгерушісі, PhD Керімбаев Ержан мен жұбайы, Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы, жапон тілінің маманы Шадаева Мадина да қатысты. Екеуі де осы факультет түлегі, екеуі де оқу бітіргелі факультетте үзбей жұмыс істеп келе жатқан тәжірибелі мамандар. 25 жыл отасып, 6 бала тәрбиелеп отырған бұл жұп «Мерейлі ҚазҰУ-лық отбасы» деуге әбден лайық.