Қытайда оқу тәжірибемFarabi University

Қытайда оқу тәжірибем

17 наурыз, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 3-курс студенті Бауыржанқызы Зарина академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қытайда білім алу тәжірибесімен бөлісті.

Зарина шығыстану факультетінде оқиды және қытай тілін тереңдетіп меңгеру үшін Цзинин қаласына (ҚХР) аттанды. Интенсивті оқу бағдарламасынан бөлек, студенттер Қытай мәдениетімен де танысты: дәстүрлі қытай каллиграфиясын үйреніп, ұлттық тағамдардан дәм татып, қытайлық балаларға ағылшын тілін оқытты.

«Қытайлықтар өте мейірімді және көмектесуге әрқашан дайын. Көмек сұрасаң, олар шын жүректен қолдау көрсетеді. Қазір менің көптеген қытайлық достарым бар, олар маған әлі де тіл үйренуге көмектесіп жүр», – дейді Зарина.

Ол Қытайда өзін жайлы сезінгенімен, туған Қазақстанын сағынатынын да жасырмайды. Дегенмен, ол бұл тәжірибені өмір бойы ұмытпайтынын және алған әсерлерінің ерекше екенін айтады.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы ҚазҰУ студенттеріне шетелде білім алу, мәдени алмасу және кәсіби даму үшін үлкен мүмкіндіктер береді.