Қытайға сапарым: академиялық ұтқырлық ашқан жаңа көкжиектер

Мен, Кунтуарова Улболсын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің 3-курс студентімін. 2024–2025 оқу жылының академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қытайдың Цзинин қаласында білім алудамын.
Жаңа оқу жылы басталысымен, университетіміз шетелдік студенттер үшін көптеген мәдени іс-шаралар ұйымдастырды. Бұл маған қытай мәдениетін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Каллиграфия, шай рәсімі және ежелгі Қытайдың қолөнері сияқты қосымша сабақтар арқылы мен тек тілді үйреніп қана қоймай, сонымен қатар Қытайдың тарихымен, мәдени ерекшеліктерімен және құндылықтарымен танысып жатырмын.
Бұл сапар барысында мен көптеген қытайлық достар таптым және болашақ аудармашы үшін аса маңызды коммуникативтік дағдыларымды жетілдірудемін.
Бар болғаны бір семестр ішінде мен бірегей тәжірибе жинадым, және алдағы семестрдің маған жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктер әкелетініне сенімдімін.
Басқа жаңалықтар

