Оқырман клубы және кітап алмасу

ТДМ-4 "Сапалы білім беру" шеңберінде 17.03.25 жылы номері 16-ші Студенттер үйінің оқу залы жаңа кітаптармен толықтырылды.
Соның ішінде, Менеджмент кафедрасының түлегі - Алия Қарақожаеваның "Skills" атты кітабы табысталды. Алия Қ. Студенттер Альянсын құрған қоғам белсендісі, ҚР Президентінен мемлекеттік марапат алған үздік түлегіміздің бірі.
Бұл кітап нағыз жастарға арналған, өйткені көшбасшылық, қатты және жұмсақ (hard,soft, meta skills), тәртіп, хобби, жасанды интеллектпен жұмыс және т.б. өзекті тақыптарды қамтитын заманауи оқулық.
Студенттер осы кітапты оқып, өз мансаптарын жасауда және алдағы уақытта ел болашағына зор үлес қосады деген үміттеміз.
Ұйымдастырушылар: Жумагазиева А.Ғ., Тасжарганов С.И., Жайназар Ә.Ж., Менеджмент кафедрасының аға оқытушылары.
Басқа жаңалықтар

