Ғылыми-зерттеу семинары: «Түрік-израиль қатынастары: тарих және қазіргі кезең»

Халықаралық «Orhun» бағдарламасы аясында және Түркия Республикасының қолдауымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шетелдік қонақ ретінде Әзербайжан шетел тілдері университетінің ғылыми қызметкері Гүнай Фейзиеваны қабылдайды. Зерттеуші Түркия-Израиль қатынастарының тарихи ретроспективасын және олардың қазіргі кезеңдегі трансформациясын талдауға арналған ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ұсынады.
Ғылыми-зерттеу семинары Шығыстану факультетінің Түріктану және Шығыс елдері тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен өтеді. Іс-шара барысында екіжақты қатынастардың негізгі аспектілері, олардың аймақтың саяси және стратегиялық құрылымына ықпалы, сондай-ақ Түркия мен Израильдің жаһандық контексте жүргізіп отырған сыртқы саяси басымдықтары талқыланады.
Семинар 2025 жылғы 19 наурыз күні сағат 15:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде, Қарасай батыр көшесі, 95, 546-аудиторияда өтеді. Ғалымдар, оқытушылар, студенттер және халықаралық қатынастар мен қазіргі геосаяси үдерістерге қызығушылық танытқан барлық азаматтарды қатысуға шақырамыз!
Түріктану және Шығыс елдері тарихы кафедрасы
Басқа жаңалықтар

