- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Корея арасындағы білім саласындағы серіктестік: магистранттардың жаңа мүмкіндіктері
Қазақстан мен Корея арасындағы білім саласындағы серіктестік: магистранттардың жаңа мүмкіндіктері

2024 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Корея Республикасы, Кёнги провинциясының Білім басқармасы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл меморандум екі ел арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және тәжірибе алмасуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Аталған келісім аясында 2024 жылғы 1 тамыздан бастап Кёнги провинциясының мектептерінде оқытушы ассистенттерін жұмысқа тарту бағдарламасы іске қосылды. Қазақстан бойынша жүргізілген іріктеу нәтижесінде төрт магистрант таңдалып, олардың қатарында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «7M03115 – Аймақтану (Шығыс елдері)» мамандығының 2-курс магистранты Қожахметова Жания Аскарқызы да іріктеуден өтті. Қазіргі уақытта ол Кёнги провинциясы мектептерінің бірінде оқытушы ассистенті қызметін атқаруда.
Сонымен қатар, аталған бағдарлама аясында тағы бір қазақстандық жас маман – «7M02217 – Шығыстану» мамандығының 1-курс студенті Субебек Бапнұр Рашитқызы да іріктеуден сәтті өтіп, 2025 жылғы 17 наурыз бен 2026 жылғы 28 ақпан аралығында Корея Республикасының мектебінде оқытушы ассистенті ретінде қызмет атқаруға мүмкіндік алды.
Бұл бағдарлама қазақстандық магистранттарға Корея Республикасында халықаралық тәжірибе жинақтауға, корей білім беру жүйесінің ерекшеліктерін зерттеуге және мәдени алмасуға зор мүмкіндік береді. Сондай-ақ, олардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге және болашақ маман ретінде өз біліктіліктерін арттыруға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар

