
2025 жылдың 13 наурызында 22–03 ОП «6В05103-Биотехнология» тобының үшінші курс студенттері молекулалық биология және генетика кафедрасының доцент м.а., б.ғ.к. Ырғынбаева Ш.М. жетекшілігімен «Ел болашағы – білімді ұрпақ» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Бұл шара ТДМ 4: Сапалы білім беру аясында ұйымдастырылып, қазіргі әлемдегі білімнің маңыздылығын түсінуге арналған маңызды пікірталас алаңына айналды.
Ашық сабақ барысында студенттер білімнің шексіз мүмкіндіктері туралы қызығушылықпен әңгімелесті. Қазіргі заман күн санап өзгеруде: жасанды интеллекттің дамуы, жаңа технологиялардың пайда болуы және бұрын елестету мүмкін болмаған мамандықтардың қалыптасуы үнемі икемділікті және үздіксіз оқуды қажет етеді. Талқылау барысында білім тек университет қабырғасымен шектелмейтіні, оның бүкіл өмірді қамтитын үздіксіз процесс екені айқындалды.
Әрбір студент болашақтың өз қолында екенін ұғынды. Ертеңгі күннің көшбасшысы болу үшін өзіңді дамыту ісін бүгіннен бастау қажет. Кураторлық сағаттың соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, ортақ қорытындыға келді: «Болашақ – білімді ұрпақтың қолында. Ал біз – сол болашақтың бір бөлшегіміз!»
Молекулалық биология және генетика кафедрасы
Басқа жаңалықтар

