Үздік студенттерді дайындаудағы ҚазҰУ рөлі
15 наурыз, 2025

2025 жылдың 15 наурызында Астана қаласында “Жаңа Қазақстандық патриотизм” жобасы аясында дарынды жастарды қолдау мақсатында Қазақстанның түкпір-түкпірінен дарынды студенттер жиналып, “Қазақстанның үздік студенті” байқауы өтті.
Бұл байқауда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының 6В05102-Биология білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Іргебай Еркежан Саматқызы “Үздік студент” атанып, жүлде жеңіп алды.
Ол қызыл аттестат иегері, “Жас химик” байқауының жеңімпазы және басқа да білім сайыстарында жоғары нәтижелер көрсеткен.
Жетекшісі, куратор-эдвайзер: Құсманғазинов Әділ Болатұлы.
Басқа жаңалықтар

18 сәуір, 2025

18 сәуір, 2025