Кәсіби бағдар беру іс-шарасыFarabi University

Кәсіби бағдар беру іс-шарасы

12 наурыз, 2025

 

2025 жылғы 12 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті,  Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен Алматы қаласының Жетісу ауданы, Көкжиек шағын ауданы, 63 мекенжайындағы №177 жалпы білім беретін мектебінде кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында мектеп оқушыларына университеттің және факультеттің мамандықтары туралы ақпарат берілді. Арнайы дайындалған буклеттер таратылып, мамандықтардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері түсіндірілді. Сонымен қатар, Мәдениеттану мамандығының 3-курс студенттері презентация дайындап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Іс-шараны аға оқытушы, PhD  С.М. Каупенбаева,  филос.ғ.д., профессор

Қ.М. Борбасова ұйымдастырды.

Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған мамандықтар туралы толық ақпарат алып, мәдениеттану, дінтану, исламтану бағыттары бойынша кәсіби бағдар алды. Бұл шара болашақ түлектердің мамандық таңдауына көмектесіп, олардың болашақ кәсіби бағытын анықтауға мүмкіндік берді.

Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардан оң пікірлер алды. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта осындай кездесулерді жалғастыруды жоспарлап отыр.