ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ – ЖОҒАРЫ БІЛІМНІҢ ӨЗЕГІ

2025 жылдың 18 наурызында Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасында 4 курстың «шығыстану» және «шетел филологиясы» білім беру бағдарламаларының студенттері екі айлық өндірістік практикаларын қорытындылап, есеп берді. Өндірістік практикадан өткен студенттердің жалпы саны – 17. Олардың 14-і Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында, ал 3-і (Анер Арлан, Асан Анар, Көктеубай Назерке) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінде өтті.
Есеп беру жиынына Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Эгамбердиев Мырзахан Шәріпбайұлы, Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасы меңгерушісінің ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Дулаева Эльнара Зульпикарқызы және өндірістік тәжірибеге жауапты, аға оқытушы Әбілдаев Жеңісбек Әкімбекұлы қатысты.
Есеп беру жиынында сөз алған жауапты қызметкер Ж.Әбілдаев студенттердің ҚР Ұлттық кітапханасында өткен есеп беру жиынының қорытындыларымен таныстырып, студенттердің атқарған жұмыстарын атап өтті. Олар кітапхана ұжымы тапсырған барлық істерді атқарды. Мысалы библиография түзу, кітаптарды реттеу, газет-журналдардың тігісін жасау, аударма жасау, мерекелік іс-шараларға қатысу. Ұлттық кітапхана ұжымы 4 курстардың өндірістік практикаларын жоғары бағалап, жақсы баға қойғанын атап өтті. Әсіресе, аударма жұмысы бойынша студенттермен жұмыс істеген аға ғылыми қызметкер Зәмзаева Толқын үш студентті ерекше атап өтті. Олар – Шакипзада Іңкәр, Тұрғымбаев Руслан және Ержан Оспан. Олардың аударма жұмысының жоғары деңгейде орындалғандығы және тілдерінің байлығы ерекше тамсандырды.
Сыртқы істер министрлігінде өндірісітік тәжірибеден өтіп келген студенттердің атынан Анер Арлан сөз алып, өндірісік тәжірибенің өте қызықты өткендігін, атқарған істерінің нәтижесін айтып беріп, өздерінің болашақты осы ведомоствада қызмет атқарғылары келетінін жеткізді.
Жиында кафедра меңгерушісі Мырзахан Шәріпбайұлы студенттерді өндірістік тәжірибені сәтті аяқтауларымен құттықтап, болашақтағы жоспарларымен бөлісті. Кафедра меңгерушісі 4 курс студнттеріне магистратураға түсу туралы ақпарат беріп, кафедра мамандықтарын таныстырды. Студенттердің басым көпшілігі болашақта магистратураға түсіп, білімдерін жалғастырғылары келетінін жеткізді және кафедра мамандықтарына түскісі келетіндіктерін айтты.
Есеп беру жиыны жоғары деңгейде өтіп, студенттерге тиесілі бағалары қойылды.
Куратор-эдвайзер Әбілдаев Жеңісбек
Басқа жаңалықтар

