Қытайда оқу: мәдениетке бойлау және жаңа мүмкіндіктер

Мен, Жебегенқызы Алуа, Шығыстану факультетінің 3-курс студентімін. Қытайға оқуға барғаным – менің өмірімдегі ең маңызды және есте қаларлық кезеңдердің бірі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті ретінде мен Ланьчжоу қаласында бір жыл бойы оқу мен қытай тілін үйрену мүмкіндігін алып, бұл тәжірибе менің көзқарасымды, білімімді және өмірімді түбегейлі өзгертті.
Ланьчжоу қаласы мені бірден өзіне баурап алды. Қала өзінің әсем табиғаты мен тарихи орындарымен, сондай-ақ дәстүрлі мәдениетімен ерекшеленеді. Бұл жерде тұрғанда мен тек тіл үйреніп қана қоймай, сонымен қатар қытай халқының өмір салтымен танысып, олардың мәдениеті мен философиясына терең үңілу мүмкіндігіне ие болдым. Қытайлықтардың қонақжайлылығы мен ашық-жарқын мінездері менің бұл жаққа үйренуімді тездетті, ал достарым мен оқытушыларымның қолдауы менің бұл қалада өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысымды арттырды.
Оқу бағдарламасы өте мазмұнды болды. Қытай тілін меңгеру барысында мен грамматикалық құрылымдарды түсініп қана қоймай, сонымен бірге сөйлеу дағдыларымды жетілдірдім.
Бұдан бөлек, қытайлықтардың тамақтану мәдениеті, дәстүрлері мен тұрмыс-салтымен таныстым. Халықтың мәдениетін, тұрмыс салтын терең түсінген сайын тілді меңгеру процесі де оңайырақ бола түсті.
Қытайдағы бұл тәжірибе менің академиялық және жеке тұлғалық дамуым үшін үлкен қадам болды. Мен осы бірегей мүмкіндік үшін өте ризамын және бұл кезеңнің маған тек білім ғана емес, сонымен қатар өмірлік тәжірибе бергенін мақтанышпен айта аламын. Қытайда алған әсерлер мен білімдер менің өмірімнің ажырамас бөлігі болып қалары сөзсіз.
Басқа жаңалықтар

