Алматы қалалық сотына заң факультеті студенттерінің танымдық экскурсиясы
.png)
2025 жылдың 7 наурызында Алматы қалалық сотында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің 302-топ студенттеріне арнап кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Г.А.Куаналиева және жетекші эдвайзер Қонысбай Бақытгүл танымдық экскурсия ұйымдастырды. Іс-шараны сот тарапынан өкіл болып Мырзахан Дархан жүргізді.
Бұл экскурсия БҰҰ бекіткен Тұрақты даму мақсаттарын(ЦУР) № 17 жүзеге асыру мақсатында өткізілді. Экскурсияның мақсаты – студенттерге сот жүйесінің құрылымы мен жұмыс істеу тәртібін көрсету, сот процестерінің қалай өтетінін түсіндіру. Шара барысында студенттер сот ғимаратын аралап, сот отырыстары өтетін залдармен, судьялардың, прокурорлардың және адвокаттардың жұмысымен танысты. Сонымен қатар, сот процестерін жүргізудің негізгі қағидалары, сот жүйесіндегі құжат айналымы және сот төрелігін жүзеге асырудың маңызды аспектілері талқыланды.
Бұл экскурсия студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруына, сот жүйесінің нақты жұмысын көруге және болашақ заңгер ретінде кәсіби дағдыларын дамытуға үлкен мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар студенттердің құқықтық санасын арттырып, олардың болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын одан әрі нығайтады.
Басқа жаңалықтар

