ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАДАН ЖҰМЫС ОРНЫНА ДЕЙІНFarabi University

ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАДАН ЖҰМЫС ОРНЫНА ДЕЙІН

19 наурыз, 2025

2025 жылдың 18 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасында бітіруші курстардың өндірістік практикасының қорытынды есебі тыңдалды.

Практиканы «6В02207 – Шығыстану», «6В02301 – Шетел филологиясы (шығыс тілдері)» және «6В02302 – Аударма ісі (шетел филологиясы)» білім беру бағдарламаларының 4-курс студенттері сәтті аяқтап, өз тәжірибелері туралы жан-жақты есеп берді.

Жиынға жұмыс беруші мекемелердің өкілдері онлайн форматта қатысты. Талқылау барысында биылғы өндірістік практиканың орындалу сапасы жоғары екені, сонымен қатар, тәжірибе базаларының ауқымы кеңейгені және олардың бітіруші курстардың талаптарына толық сәйкес келетіні ерекше атап өтілді.

Практика нәтижесінде көптеген жұмыс берушілер студенттердің кәсіби дайындығына жоғары баға беріп, оларға болашақта тұрақты жұмыс орындарын ұсынғаны мәлімделді. Бұл түлектердің алған білімі мен тәжірибесінің еңбек нарығындағы сұранысқа ие екенін тағы бір рет дәлелдеді.

Бұл іс-шара бітіруші курс студенттері үшін өздерінің кәсіби мүмкіндіктерін бағалауға, болашақ еңбек жолын айқындауға және жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуға тамаша мүмкіндік болды.