«Діни экстремизмді жеңудегі мемлекет және қоғамның рөлі» тақырыбында семинарFarabi University

«Діни экстремизмді жеңудегі мемлекет және қоғамның рөлі» тақырыбында семинар

19 наурыз, 2025

2025 жылдың 19 наурызында Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасында «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» тұрақты даму мақсатына сай «Діни экстремизмді жеңудегі мемлекет және қоғамның рөлі» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Діни экстремизмге іс-қимыл академиясының директоры, белгілі діни эксперт, теолог Абдурақын Мерей қатысты. Іс-шараның мақсаты — діни экстремизм мен радикализацияның алдын алу мәселелерін талқылап, мемлекет пен қоғамның бұл бағыттағы рөлін талқылауға арналды.

Абдурақын Мерей семинар барысында діни экстремизмнің қауіптілігін, оның жастар арасындағы таралу себептерін және экстремизммен күресудің жолдары туралы маңызды баяндамалар жасады. Сонымен қатар, ол мемлекет пен қоғамның діни толеранттылық, мәдениетаралық диалог және азаматтық қоғамды нығайту арқылы экстремизмге қарсы күрес жүргізудегі рөлін атап өтті.

Іс-шараға қатысқан студенттер мен магистранттар діни экстремизмнің теріс әсері мен алдын алу жолдары туралы терең мәлімет алып, бұл тақырып бойынша өздерінің сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Семинарда мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың бірігіп әрекет етуінің маңыздылығын ерекше аталып өтті, әрі қатысушыларға діни экстремизммен күресудің тиімді стратегиялары туралы тың ойлар мен тәжірибелер қозғалды.

Ұйымдастырушылар: PhD доктор Каупенбаева С.М., доцент Балтымова М.Р., профессор Борбасова К.М., фил.ғ.к. Аликбаева М.Б., PhD доктор Аманқұл Т.О., профессор Бегалинова К.К., PhD докторант Айдос Ә.М., PhD докторант Ерімбет Р.Е., PhD докторант Бекмуханбетов Н.Р.