Генетикалық құралдарды аштықпен күресуде қолдану (ТДМ 1 – Аштықты жою)Farabi University

Генетикалық құралдарды аштықпен күресуде қолдану (ТДМ 1 – Аштықты жою)

11 наурыз, 2025

2025 жылғы 10 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде молекулалық биология және генетика кафедрасында 1 курс докторанттары К.С. Адильбаева мен Б.К. Каменовтың ғылыми-педагогикалық практикасы аясында «Генетикалық құралдарды аштықпен күресуде қолдану» тақырыбында ашық тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды (ТДМ 1 – Аштықты жою).

Іс-шараға «Генетика» мамандығының 3 курс студенттері белсенді қатысып, бұл өзекті мәселеге жоғары қызығушылық танытты. Тәрбиелік іс-шараның басты мақсаты – аштық мәселесіне назар аудару және оны шешуде генетикалық құралдарды пайдалану жолдарын қарастыру.

Іс-шара барысында студенттер:

🔹 Қазіргі заманғы гендік инженерия әдістерін және генетикалық модифицирленнген организмдер (ГМО) – өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің құрылуын талқылады.

🔹 Генетикалық әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырды.

🔹 ГМО-ның қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсерін азайту шаралары туралы пікір алмасты.

 

🔹 Іс-шара қорытындысы:

✅ Студенттер гендік инженерия әдістері туралы жаңа білім алды.

✅ ГМО-ның мүмкін болатын тәуекелдері мен оларды болдырмау жолдарын талқылады.

Осындай іс-шаралар студенттердің экологиялық және ғылыми сауаттылығын арттырып, жаһандық аштық мәселесін шешуге арналған жаңа идеяларды іздеуге ынталандырады. Кафедра жастардың экологиялық жауапкершілігі мен тұрақты даму ойлауын дамытуға бағытталған осындай бастамаларды жалғастырады.