«Орыс православие шіркеуінің қазақстандық қоғамдағы орны. Мемлекет және католиктік, протестанттық шіркеулердің арақатынасы» тақырыбында ашық дәріс пен семинарFarabi University

«Орыс православие шіркеуінің қазақстандық қоғамдағы орны. Мемлекет және католиктік, протестанттық шіркеулердің арақатынасы» тақырыбында ашық дәріс пен семинар

20 наурыз, 2025

18-20 наурыз күндері «6В02203-Дінтану» мамандығының 3-курс студенттері үшін «Орыс православие шіркеуінің қазақстандық қоғамдағы орны. Мемлекет және католиктік, протестанттық шіркеулердің арақатынасы» тақырыбында ашық дәріс пен семинар өткізілді.

Практикант Калякбар Ұ.Н. дәріс барысында орыс православие шіркеулері жөнінде мәліметтерді кеңінен қамтып, осы тақырыпқа қатысты маңызды әдебиеттермен таныстырды. Тыңдаушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында Kahoot қосымшасы арқылы интерактивті тест ұйымдастырылды. Докторанттың ғылыми кеңісшісі з.ғ.к., профессор Бишманов К.М. дәрістің мазмұнына баға беріп, өз пікірін білдірді.

Семинар барысында студенттер топтарға бөлініп, орыс православие шіркеулерінің қоғамдағы рөліне салыстырмалы талдау жасап, олардың маңызын анықтады. Теориялық мәліметтерді меңгерумен қатар, әр топқа нақты жағдаяттарға негізделген сұрақтар ұсынылып, студенттер оларға жедел жауап беріп, өзара пікірталас жүргізді. Оқу процесінің интерактивтілігі студенттердің белсенділігін арттырып, талқылау барысында олардың сын тұрғысынан ойлау дағдылары дамыды.

Семинар мен дәріс соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, тақырыптың өзектілігі мен оның мамандықтарына тигізген әсерін атап өтті. Жалпы, интерактивті оқыту әдістерін қолдану, студенттердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету және заманауи мәселелермен байланыстыра талдау білім беру жүйесінде, әсіресе дінтану саласында маңызды орын алатыны дәлелденді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: филос.ғ.д., профессор Борбасова Қ.М. п.ғ.к., доцент Иманбекова Б.И. псих.ғ.д., профессор Аймағанбетова О.Х. з.ғ.к., профессор Бишманов К.М. «8D02203-Дінтану» 1-курс докторанты Калякбар Ұ.Н.