Орталық Азиядағы ислам тарихы: жаңа әдіснамалар мен зерттелмеген мәселелер

2025 жылғы 20 наурызда сағат 12:30-да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде докторанттардың педагогикалық практикасы аясында ғылыми іс-шара өтті. «Орталық Азиядағы ислам тарихы: жаңа әдіснамалар мен зерттелмеген мәселелер» тақырыбындағы дәрісті философия ғылымдарының докторы, «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің дінтану кафедрасының профессоры Асылбек Избаиров жүргізді.
Кездесуді ұйымдастырушылар – бірінші курс докторанттары Алимханова А. және Нургалиев Б. Ғылыми іс-шара философия ғылымдарының докторы, профессор Байтенова Н.Ж., философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қантарбаева Ж.О. және педагогикалық практиканың жетекшісі, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Борбасова К.М. ғылыми жетекшілігімен өтті.
Дәріске ислам тарихы мен оның қазіргі дамуына қызығушылық танытқан студенттер, оқытушылар және зерттеушілер кеңінен қатысты. Профессор Избаиров ислам тарихын зерттеудің жаңа әдіснамалық тәсілдерін таныстырып, тақырыптың аз зерттелген қырларын ашып көрсетті. Іс-шара барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, исламтанудың өзекті мәселелерін талқылады.
Бұл іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ), атап айтқанда, сапалы білім беру міндеттеріне сәйкес ұйымдастырылды. Ол дінтану саласындағы ғылыми әлеуетті дамытуға және академиялық пікірталастарды жандандыруға үлес қосты. Дәріс білім алмасудың маңызды алаңына айналып, Орталық Азиядағы дін, тарих және әлеуметтік-мәдени өзгерістер мәселелеріне деген ғылыми қызығушылықтың артуына ықпал етті.
Басқа жаңалықтар

