СЕНБІЛІК-ТАЗАЛЫҚ КЕПІЛІFarabi University

СЕНБІЛІК-ТАЗАЛЫҚ КЕПІЛІ

20 наурыз, 2025

2025 жылы 15 наурызда «Экономика» кафедрасының «Экономика» және «Цифрлық экономика» мамандықтарының 1-курс студенттері кураторларымен ТДМ 15 «Құрлық экожүйелерін сақтау» көрсеткіші аясында сенбілік өткізді. Олар ҚазҰУ қалашығының оқу кампусы аумағын қоқыстан тазалап, аса жауапкершілік пен белсенділік танытты.

Мұндай іс-шаралар жастарға экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, ұжымдық жауапкершілікті дамытуға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға ықпал етеді.

Ұйымдастырушылар: Нұрғазы Ш.Ә., Тураров Д.Р., Кулиев И.У., Иляшова Г.К., Есенгазиева С.К.