.jpg)
2024-2025 оқу жылының 20 қаңтар мен 15 наурыз аралығында ЭжБЖМ "Экономика" мамандығының 4 курс студенттері ТДМ 4 "Сапалы білім беру" және 17 "Тұрақты даму үшін серіктестік" көрсеткіштеріне лайықты кәсіптік өндірістік практикадан өтті. Практика барысында негізгі назар экономика және онымен байланысты аспектілерді зерттеуге, сондай-ақ дипломдық жұмыстарға арналған мәліметтерді жинау мен талдауға аударылды. Студенттер экономикалық көрсеткіштермен жұмыс істеу, нарықтық үрдістерді зерттеу және аналитикалық есептерді дайындау дағдыларын меңгерді.
Практика ЕвроРемонтСервис ЖШС, YesBrickConstruction ЖШС сияқты компанияларда, сондай-ақ студенттер өз білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алған басқа да ұйымдарда өтті. Олар кәсіпорындардың экономикалық қызметінің ерекшеліктерін зерттеді, қаржылық көрсеткіштерді талдады және оларды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірледі.
Қорытындылай келгенде, практика бойынша барлық есептер сәтті қабылданды және студенттер жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Алынған білім мен дағдылар студенттерге жұмысқа орналасу кезінде және болашақ кәсіби қызметінде, әсіресе экономикалық талдау және стратегиялық жоспарлау саласында пайдалы болатыны еш күмән тудырмайды. Ұйымдастырушылар: Нұрғазы Ш.Ә., Тураров Д.Р., Есенгазиева С.К., Жоламанов Е.М., Табеев Т.П., Кулиев И.У.
Басқа жаңалықтар

