.jpg)
Наурыз мейрамын тойлау аясында еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. 2025 жылдың 20 наурызында «6В04103-Экономика» ББ 2-курс К2 тобы студенттері куратор Андабаева Г.К. жетекшілігімен «Наурыз – жыл басы» тақырыбында танымдық шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының Ұлыстың ұлы күніне деген құрметін арттыру, салт-дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Шара барысында студенттерге Наурыз мейрамының тарихы, маңызы мен ерекшеліктері туралы презентация ұсынылып, пікір алмасу ұйымдастырылды. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті, студенттер ұлттық мерекенің мәні мен маңызын терең түсініп, өз ойларымен бөлісті. Бұл шара ТДМ4 және ТДМ11 мақсаттары мен ҚазҰУ-ғы «Наурызнаманың» онкүндігінің «Жаңару күніне» орай ұйымдастырылды.
Куратор Андабаева Г.К.
Басқа жаңалықтар

