Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазынаFarabi University

Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына

20 наурыз, 2025

2025 жылдың 20 наурыз күні «6В04103-Экономика» ББ 2 курс және 3 курс студенттерімен «Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына» атты кураторлық сағат өткізілді. Бұл кураторлық сағат Наурызнама: 20 наурыз-Ұлттық ойындар күніне және ТДМ 3 және ТДМ 4 мақсаттарын жүзеге асыру негізінде ұйымдастырылды. Толық қазақтың ұлттық ойындары туралы презентация жасалып, соның ішінде тоғызқұмалақ ойынынан мастер-класс өткізілді. Мастер классты тоғызқұмалақ ойынынан Халықаралық деңгейдегі турнирерде жүлдели орындар алып жүрген топ студентов Берден Ләйлим өткізді.

Ұлттық ойындар спорттық және ақыл ойға негізделген ойындар болып екі топқа бөлінеді. Олардың түрлері аталып, баланың еңбекке деген қарым – қатынасы мен ойлау қабілеттерін арттыруға және баланы шымыр да епти, Зерек те алғыр, тапқыр да парасатты болып өсуге тәрбиелейді. Ұлтымыздың асыл қазынасы болған ұлттық ойындарымызды жоғалтып алмай, ұрпақтан – ұрпаққа жетуін насихаттау, біздің миндетіміздің бірі.

Куратор Андабаева Г.К.