.jpeg)
БҰҰ-ның 1-ЦУР – «Кедейлікті жою», сондай-ақ 3 және 8-ЦУР аясында 2025 жылғы 18 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы: заң ғылымдарының докторы Калишева Н.Х. және заң магистрі Базартаева Е.Б. «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 308-топтың 20 студентінің қатысуымен имидждік іс-шара өткізді.Іс-шара барысында студенттер «Teplo Foundation» жеке қорының кеңсесіне және қоймаларына барып, сондай-ақ киім қабылдауға арналған арнайы бокстар орналасқан аумақпен танысты.

Спикерлер ретінде Бидайбеков Т.Б. — «Teplo Foundation» жеке қорының Президенті және Кроуман Александр — Қордың даму жөніндегі директоры сөз сөйледі. Олар қордың «Тепло» эко-жобасының миссиясы мен стратегиясы туралы таныстыру дәрісін өткізіп, презентация мен бейнеролик көрсетті. Сонымен қатар, Esentai Mall ғимаратында орналасқан қор кеңсесінде және қоймаларында экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында студенттер мұқтаж жандарға, көпбалалы отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталған қор қызметімен тікелей танысты. Студенттерге қордың волонтерлік қызметі таныстырылып, волонтерлер қатарына қосылу ұсынылды. «Тепло» эко-жобасының миссиясы кең әрі көпқырлы.

Қор Алматы қаласында мұқтаж жандарға киім жинау және қайта тарату, сондай-ақ тоқыма қалдықтарын қайта өңдеу арқылы экологиялық әсерді азайту бағытында жұмыс істейді. Қала аумағында 35 арнайы киім жинау боксы орнатылған. Қор тұрақты тұтыну мәдениетін белсенді түрде насихаттайды. Жобаға киім тапсыру, корпоративтік әріптестік, волонтерлік және қаржылық қолдау арқылы қатысуға болады.
Студенттер волонтер болу ұсынысын оң қабылдап, «Тепло» эко-жобасының ұйымдастырушыларына алдағы қызметтеріне табыс пен өркендеу тіледі.
Осындай іс-шаралар жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге, адамдарға деген ізгілік пен жанашырлық сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ мұқтаж жандарға қолдан келгенше қайырымдылық көмек көрсетуге үлкен үлес қосады.
SDG1 #NoPoverty
"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы
Басқа жаңалықтар