Өндірістік практика есебі қорытындыланды

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы арабтану бөлімінің Шығыстану, Аударма ісі БББ 4-курс студенттері 20.01.2025 15.03.2025 аралығында өндірістік практикадан өтті. Білім алушылар өндірістік практика базалары ретінде таңдалған ҚР Сыртқы істер министрлігі, Нұр-Мүбарак университеті және Бин Сақр әл-Қасими атындағы дарынды балалар мектеп-интернатында өтті. Өндірістік практика университет тарапынан әзірленген Білім алушылардың өндірістік практикасын өткізу және ұйымдастыру туралы ережеге және аталған ұйымдармен жасалған келісімшарттарға сай ұйымдастырылып, жүзеге асырылды. Білім алушылар өндірістік практика барысында университет қабырғасында алған теориялық білімдерін практика жүзінде көрсете білгенін, практика барысында көптеген тәжірибе жинақтағандарын ортаға салды. Практика базасында студенттер араб, ағылшын, орыс тілдерінен аударма жасап, Таяу Шығыс елдеріндегі саяси жағдайларға шығыстанушы, шығыстанушы-сарапшы ретінде тәжірибелер жинақтай алды. Практика соңында барлық құжаттар талапқа сай рәсімделіп, кафедраға өткізілді.
Басқа жаңалықтар

