Достық дастарханыFarabi University

Достық дастарханы

22 наурыз, 2025

20 наурыз күні №4 – сапалы білім беру аясында, студенттер үйінде Іргелі медицина кафедрасының оқытушылары Шарипова М., Калыкова А., Торегелдиева А., Назиран Ф.-ның ұйымдастыруымен Наурыз мейрамына орай “Достық дастарханы” атты іс-шара өтті. Шараға 1, 2, 4-курс студенттері, сондай-ақ “Медицина” және “Фармация” мамандықтарының қазақ және ағылшын топтары қатысты. “Достық дастарханы” түрлі ұлт өкілдерінен құралған студенттерді біріктіріп, татулық пен бейбітшіліктің белгісі болды. Әр түрлі халықтардың тағамдары бір дастархан басында тоғысып, студенттерге мәдени алмасу мүмкіндігін ұсынды.