"Әз-Наурыз қош келдің" тақырыбындағы достық кеші

2025 жылғы 22 наурызда кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының PhD докторы М.Н. Умбетов 18-Студенттер үйінде тұратын шетелдік студенттермен (Ауғанстан және Мысыр мемлекеттерінің өкілдері) достық кешін ұйымдастырды. Бұл іс-шараның басты мақсаты – студенттерге түркі халықтарының дәстүрлі мерекесі – Әз-Наурыздың тарихи және мәдени мәнін кеңінен таныстыру, сондай-ақ халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту болды.
Кеш барысында студенттер Наурыз мерекесінің шығу тарихымен, оның ежелгі дәстүрлерімен және қазақ мәдениетіндегі рөлімен тереңірек танысты. Шара мерекелік көңіл-күй мен достық атмосферасында өтті. Студенттер ұлттық тағамдардан дәм татып, дәстүрлі ойындарға қатысты, сондай-ақ мәдениетаралық қарым-қатынастың маңыздылығын сезіне отырып, мерекелік рухты толық сезінді.
Бұл іс-шара БҰҰ-ның ТДМ 4-ші, 10-шы және 16-шы аясында өткізілді. Өйткені, мұндай бастамалар мәдени әртүрлілікті қолдап, жастардың өзара түсіністігін арттырып, бейбітшілік пен достықты қалыптастыруға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар

