
2025 жылғы 20 наурызда ҚазҰУ заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті, з.ғ.к. Ж.М. Аманжолов №18-жатақханада 6-ТДМ аясында «Таза су және санитария» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарда таза ауызсуға қолжетімділікті қамтамасыз ету, суды үнемді пайдалану, қалдық суларды тазарту және су экожүйелерін сақтау мәселелері талқыланды. Оқытушы су тапшылығының себептері мен салдары, сондай-ақ халықаралық тәжірибеге негізделген суды қорғау шаралары туралы түсінік берді.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқару саясаты мен халықаралық экологиялық келісімдердің рөлі, «Су кодексі» және су сапасын жақсарту мәселелері қарастырылды. Қатысушылар су ресурстарын сақтау, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің су сапасына әсері және ауыз судың ластануын азайту жолдары бойынша пікір алмасты.
Шараның соңында су қоймаларын қалпына келтіру, өнеркәсіптің суды тазарту міндеттемелерін күшейту және суды үнемдеу шараларын насихаттау жөніндегі ұсыныстар жасалды.
Басқа жаңалықтар

