- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Адам құқықтары мен құрбандардың қадір-қасиетін өрескел бұзуға қатысты шындықты анықтауға арналған халықаралық құқықтар күні» тақырыбындағы қонақ дәрісі
«Адам құқықтары мен құрбандардың қадір-қасиетін өрескел бұзуға қатысты шындықты анықтауға арналған халықаралық құқықтар күні» тақырыбындағы қонақ дәрісі

2025 жылдың 25 наурызында ТДМ-16 "Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар" бағдарламасын іске асыру мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, Сағынаев М.Е. ЖҚМ "Әділет" Каспий қоғамдық университетінің "Адам құқықтары мен құрбандардың қадір-қасиетін өрескел бұзуға қатысты шындықты анықтау құқығының халықаралық күні" тақырыбында қонақ дәрісін өткізді. Дәріс "Caspian Dream Team" грант бөлімінің 1 курс студенттері-бакалаврлары үшін ұйымдастырылды.
Бұл дәріс БҰҰ-ның 2010 жылы жариялаған және жыл сайын 24 наурызда атап өтілетін "Адам құқықтары мен құрбандардың қадір-қасиетін өрескел бұзуға қатысты шындықты анықтау құқығының халықаралық күні" аясында өткізілді. Аталған күн әр жыл сайын 1980 жылы 24 наурызда Сальвадордағы адам құқықтарының бұзылуына қарсы күрескен архиепископ Оскар Ромероның құрметіне атап өтіледі.
Осы халықаралық күн шеңберінде өткізілген іс-шара БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын іске асыру аясында бейбіт және ашық қоғам құруға, баршаға сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз етуге және тиімді, есеп беретін және кең қатысуға негізделген мекемелер құруға бағытталды.
Іс-шараға Адам құқықтары мен конституциялық құқықты қорғау саласындағы маман, Каспий қоғамдық университетінің профессоры А.А. Караев қатысып, тақырып бойынша өз пікірін білдірді.
Басқа жаңалықтар

