- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да Биология және биотехнология факультеті, Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының профессоры Нұртай Торманұлының 85 жас мерейтойына арналған «Биологияны оқытудың формалары, әдістері пәнаралық байланыстары мен заманауи инновациялық тәсілдерін қолдану» атты дөңгелек үстел өтті
ҚазҰУ-да Биология және биотехнология факультеті, Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының профессоры Нұртай Торманұлының 85 жас мерейтойына арналған «Биологияны оқытудың формалары, әдістері пәнаралық байланыстары мен заманауи инновациялық тәсілдерін қолдану» атты дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстелдің мақсаты – дәстүрлі және заманауи білім беру технологияларын біріктіретін биологияны оқытудың заманауи формалары мен әдістерін талқылау. Биофизика, биомедицина және нейроғылым саласындағы зерттеушілер мен практиктер арасындағы пәнаралық диалог арқылы білім беру үдерісіне инновациялық әдістерді енгізу мүмкіндіктері қарастырылды.
Жиынға биология және биотехнология факультетінің профессор-оқытушылар құрамығ ғалымдар мен зерттеушілер қатысты. Осы жиын барысында жиналған ғалым-ұстаздап 85 жасқа толған Нұртай Торманұлын туған күнімен құттықтады.
Торманов Нұртай Торманұлы - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биофизика және биомедицина кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының кандидаты. Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің екі дүркін үздігі», ҚР «Білім беру ісінің кұрметті кызметкері».200-ден астам ғылыми-әдістемелік мақалалар, 18 оқу құралы мен оқулықтар жазып, 2014 жылы ҚазҰУ-дың «Үздік оқу басылымы» номинациясын жеңіп алды. Соңғы 10 жылдың ішінде 30-дан астам магистрлер дайындап өмірге жолдама алуға үлесін қосуда. Республикалық баспасөз беттерінде және телевизор «Хабар агенттігі» арқылы білім арнасы, «Жаңашыл алаң» бағдарламасынан биология, физиологияның ғылымдарының жетістіктері және салауатты өмір салтын насихаттау жайлы бірнеше рет дәрісті оқып, сұхбаттар өткізді.
Арнайы құттықтауға келген адамдар Нуртай Торманұлын кемел ойлы ғылыми тұлға деп білетіндерін, ол кісінің бойындағы терең білім, үлкен парасат, берік ғылыми ұстаным жас ұрпаққа үлкен өнеге екенін атап өтті. Жиын соңында ҚазҰУ күміс төсбелгісімен марапатталды.
Дөңгелек үстел ұйымдастырушылары: Кустубаева А.М., Торманова А.Н., Аширова Ж.Б.
Басқа жаңалықтар

