ТДМ 4: «Сапалы білім» – болашақ заңгерлер өздерінің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, құқықтық саланың практикалық қырларын зерттеді.Farabi University

ТДМ 4: «Сапалы білім» – болашақ заңгерлер өздерінің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, құқықтық саланың практикалық қырларын зерттеді.

26 наурыз, 2025

⚖️2025 жылдың 15 наурызында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы» кафедрасының оқытушысы Советхан Ш.Д. жетекшілігімен 107 топ студенттері Алатау ауданының прокуратурасына барып, прокурормен кездесті.

�� Кездесу барысында студенттер прокуратураның қызметі, прокурорлардың құқықтық жүйедегі рөлі және заңдылықты қамтамасыз етудегі маңыздылығы туралы құнды ақпарат алды. Сондай-ақ, олар қылмыстық және азаматтық істер бойынша прокурорлардың атқаратын міндеттерімен танысты.

�� Бұл шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкес келетін маңызды бағыттарды қамтыды:

�� ТДМ 16: «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» – студенттер құқықтық жүйенің ашықтығы мен әділ сот төрелігінің қамтамасыз етілуінің маңызын ұғынды.

�� ТДМ 4: «Сапалы білім» – болашақ заңгерлер өздерінің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, құқықтық саланың практикалық қырларын зерттеді.

�� Бұл тәжірибе студенттерге прокуратура қызметінің ерекшеліктерін тереңірек түсінуге және олардың құқықтық ойлау дағдыларын дамытуға көмектесті.