- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайлық студент Алматыдағы өмірі мен оқуы туралы: тіл, достар және тауларға деген махаббат
Қытайлық студент Алматыдағы өмірі мен оқуы туралы: тіл, достар және тауларға деген махаббат

Мен, Чжэнцзихань, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінің бірінші курс студентімін. Мен Қытайдан келдім және Алматыда екі жылға жуық тұрып жатырмын. Мұндағы оқу өмірім өте қызықты және бақытты өтуде.
Алматыға алғаш келгенде, орыс тілін білмедім, сондықтан алғашқы күндерім қиын болды – ым-ишара арқылы түсіндіруге тура келді. Дегенмен, дайындық бөлімінде және университетте оқи жүріп, тамаша достар таптым, олар маған әрдайым көмектесуге дайын. Мұндағы оқытушылар өте мейірімді, егер қиындықтар туындаса, олар әрдайым қолдау көрсетеді. Қазір мен орыс және қазақ тілдерінде аздап сөйлей аламын.
Университетке түскеннен кейін мен екі тілді де үйренуді жалғастырудамын. Бос уақытымда орыс тілі курстарына қатысамын, тілді тереңірек меңгеру үшін. Сонымен қатар, мен көптеген қазақстандықтармен таныстым – олар өте қонақжай, олармен сөйлескен маған ұнайды.
Алматы – керемет қала, әсіресе қарлы таулары қатты ұнайды, мен бос уақытымда жиі барып тұрамын. Мұнда өмір сүру тыныш және мен асықпай өмірдің әр сәтінен ләззат ала аламын. Сонымен қатар, мен спортпен айналысуды ұнатамын, жаттығу залына барып, дене бітімімді сақтауға тырысамын. Алматының жайлы және баяу өмір ырғағы маған өте ұнайды.
Басқа жаңалықтар


