Қытайтану кафедрасында докторанттың ғылыми жұмысы алдын ала қорғаудан өтті

2025 жылдың 25 наурыз күні Қытайтану кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде кафедра докторанты Ибраимова Анардың ғылыми жұмысы алдын ала қорғау талқысынан өтті. «Қазақ және қытай тілдеріндегі этикет нормаларының лингвомәдени ерекшеліктері» деген тақырыпта жазылған диссертация біраз ғалымдардың қызығушылығын туғызды. Кеңейтілген мәжіліске Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті шетел филологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Кенжебаева Аида Әбдіғаниқызы, ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті, философия кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Ғабитов Тұрсын Хафизұлы, ҚазҰУ Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Жұбатова Баян Нұрсұлтанқызы, ҚазҰУ Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Шадкам Зубайда және кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы қатысты. Қатысқан ғалымдар ғылыми еңбектің артықшылығы мен кемшілктеріне қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Бейресми рецензент ретінде пікір білдірген қонақтардан бөлек Нәбижан Мұқаметханұлы, Дәулет Фатимабибі, Анипина Әлия, Абдурахын Нұрхалық, Мадиев Данияр сияқты кафедра ғалымдары да жұмыстың құрылымына, жазу стиліне, зерттеу әдістеріне, қолданылған әдебиеттерге қатысты пікірлерін айтты. Докторант Ибраимова Анар айтылған ескертулер мен сұрақтарға кеңінен жауап беруге тырысты. Жиын соңынан сөз алған ғылыми кеңесшісі Досымбекова Рауан ғалымдардың құнды пікірлері мен ескертулерді негізге ала отырып ғылыми жұмысты әлі де болса ширата түсетіндерін айтты.
Басқа жаңалықтар


