.jpeg)
2025 жылғы 20 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен Жамбыл облысы, Қордай ауданының №13 және №14 жалпы білім беретін мектептерінде кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында мектеп оқушыларына университет пен факультет мамандықтары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Арнайы дайындалған буклеттер таратылып, әр мамандықтың ерекшеліктері мен болашақта беретін мүмкіндіктері түсіндірілді. Сонымен қатар, білім беру бағдарламалары, академиялық ұтқырлық, ғылыми-зерттеу жұмыстары, тәжірибеден өту мүмкіндіктері және түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері жайлы ақпарат берілді.
Іс-шараны ұйымдастыруға философия ғылымдарының кандидаты Өмірбекова А.О., педагогикалық практика жетекшісі, философия ғылымдарының кандидаты Аликбаева М.Б. және бірінші курс докторанты Оралқұл Ә.С. жетекшілік етті.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған мамандықтар туралы толық мағлұмат алып, мәдениеттану, дінтану және исламтану бағыттары бойынша кәсіби бағдар алды. Сондай-ақ, университетке түсу талаптары, гранттық мүмкіндіктер, оқу үдерісі мен студенттік өмір туралы сұрақтарына жауап алды.
Бұл шара болашақ түлектерге мамандық таңдауға көмектесіп, олардың кәсіби бағытын анықтауға ықпал етті. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылар мен мұғалімдерден оң пікірлер алды. Оқушылар университет өкілдерімен байланыс орнатуға мүмкіндік алып, өз болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға бағыт алды.
Басқа жаңалықтар

