Қиыр Шығыс кафедрасындағы ғылыми үйірмелерFarabi University

Қиыр Шығыс кафедрасындағы ғылыми үйірмелер

27 наурыз, 2025

Студенттердің үйірме жұмысына қатысуы университеттердегі оқу процесінің органикалық бөлігі және студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту болып табылады. Кафедрада екі ғылыми үйірме жұмыс істейді: 1. Жапонтану бөлімінде «Жас Ғалым», 2. Корейтану бөлімінде «Сэн Cиде». Ғылыми үйірмелердің мақсаты – саясат және экономика, тіл мен әдебиет, тарих, мәдениет және дін сияқты салаларда Корея мен Жапонияны зерттеу бойынша зерттеу жұмыстарына қызығушылықты қалыптастыру және дамыту.

      Оқу жылының басынан бастап үйірмелерге қатысушылардың құрамы (бакалавриат және магистратура) қалыптасады және ғылыми зерттеулердің тақырыптары белгіленеді. Студенттер ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін клуб отырыстарында сынап көреді, одан кейін жас ғалымдардың конференцияларына (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Фараби әлемі» жас ғалымдарының жыл сайынғы халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы), ғылыми-зерттеу конкурстарына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізетін Республикалық ғылыми-зерттеу конкурсы), Шығыстану бойынша республикалық ЖОО аралық олимпиада және т.б. Осы шаралардың барлығында студенттер жыл сайын жоғары жүлделерге ие болуда.

     Сондай-ақ, үйірме мүшелері үйірмелердің ғылыми жетекшілерімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ҚазҰУ Хабаршысы, ҚазҰПУ Хабаршысы сияқты ғылыми журналдарда мақалаларын іріктеп жариялауда.

    Үйірмелер жұмысы аясында « Green Peace: Жасыл жүрек» жобасы жүзеге асырылды. Қиыр Шығыс кафедрасының бакалавры – Дина Ыбышева Жапония мен Оңтүстік Корея елдерінің қалдықтарды басқару тәжірибесін зерттеп, «Жасыл жүрек» жеке кәсіпорнын құрып, оның негізінде «Green Peace: Жасыл жүрек» стартапы құрылды. Құрылған кәсіпорынның мақсаты – қоршаған ортаны жақсарту үшін қалдықтарды (пластик пен қағаз) жинап, өңдеу және сол арқылы еліміздің инновациялық дамуына нақты үлес қосу. Стартаптың қызметі түрлі республикалық байқауларда жоғары бағаланып, БАҚ-та жарияланды.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                Балақаева Л.Т.

                                                                                                                                                                                                         Ташкенбаева Б.Ж.