- Басты бет
- Жаңалықтар
- Наурыз – бірлік белгісі: Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында «Достық дастарханы» мерекелік іс-шарасы
Наурыз – бірлік белгісі: Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында «Достық дастарханы» мерекелік іс-шарасы

Наурыз – табиғаттың жаңаруын, ұлттық мәдениеттің жаңғыруын және ежелгі дәстүр сабақтастығын білдіретін ерекше мереке. Осы айшықты мерекеге орай биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы түркімен студенттерінің қатысуымен «Достық дастарханы» атты мерекелік кеш ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты – халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ қонақжайлылық, мейірімділік пен мәдени мұраны құрметтеу құндылықтарын насихаттау. Түркімен студенттері ұлттық тағамдармен дәстүрлі дастархан жайып, ұстаздар мен оқушыларды өз халқының аспаздық ерекшеліктерімен, әдет-ғұрыптарымен таныстырды.
Ұйымдастырушылардың түрлі-түсті ұлттық киімдері мерекеге ерекше сән қосып, кездесуді ерекше дәмге толтырып, түркімен мәдениетінің бай әлеміне ену сезімін тудырды.
Биология және биотехнология факультеті
«6B05102 Биология» мамандығы
ББ 23-11 тобы
Куратор-эдвайзер: Айсабаева А.Е.
Басқа жаңалықтар

