Ұлттық спорт күніFarabi University

Ұлттық спорт күні

20 наурыз, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спортклубы мен дене шынықтыру және спорт кафедрасы Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамын тойлау үшін 20 наурызда «Ұлттық спорт күніне» арналған ерекше спорттық іс-шара өткізді. Бұл күні қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүрлері атап өтілді, ал ұлттық спорт түрлері арқылы студенттердің рухы шыңдалды.

Мереке қарсаңында спортклубпен дене шынықтыру және спорт кафедрасының ұжымы тоғызқұмалақ, арқан тартыс, гір тасын көтеру, қол күрес, асық ату ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырды. Студенттер бұл шараға белсенділікпен қатысып, өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетті. Жеңімпаз болған студенттер мақтау грамоталармен марапатталды.