- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінде Recycle Birge жобасының экобелсендісі Жандар Жаңабел «Қалдықтарды сұрыптау» тақырыбында лекция оқыды.
ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінде Recycle Birge жобасының экобелсендісі Жандар Жаңабел «Қалдықтарды сұрыптау» тақырыбында лекция оқыды.

20 наурызда ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінде Recycle Birge жобасының экобелсендісі Жандар Жаңабел «Қалдықтарды сұрыптау» тақырыбында лекция оқыды. Бұл жоба 2019 жылдан бері барлығы 100 мыңнан астам адамды қамтыған экологиялық шаралар ұйымдастырып келеді.
Лекция қоқыстың табиғат пен адам денсаулығына зияны туралы баяндаудан басталып, Қазақстандағы 125 млн тонна қоқыстың 32 мың га жерді алып жатқаны жайлы дерекпен жалғасты. Полигондарды ұлғайтпау үшін қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеу маңызды екені айтылды. Елдегі экостанциялар пластиктің 4, шынының 5, қағаздың 3 және металдың 2 түрін қабылдайды, ал басқа қалдықтарды Recycle Birge эконауқандарына өткізуге болады.
Қоқыс сұрыптау күрделі емес: әр заттың сыртында қай материалдан жасалғаны көрсетілген. Бірақ барлық зат қайта өңделмейтіндіктен, саналы тұтыныс өте маңызды. Лекция Роберт Свон Обидің сөзімен қорытындыланды: «Біздің планетамыз үшін ең үлкен қауіп — оны басқа біреу құтқарады деп сену».
Басқа жаңалықтар

