«500 ғалым» байқауы жеңімпазының қорытынды тыңдалымы «Bolashak» бағдарламасы бойыншFarabi University

«500 ғалым» байқауы жеңімпазының қорытынды тыңдалымы «Bolashak» бағдарламасы бойынш

29 наурыз, 2025

2025 жылғы 25 наурызда Жоғары экономика және бизнес мектебінің «Бизнес-технологиялар» кафедрасында «500 ғалым» байқауының стипендиаты – аға оқытушы, PhD докторы Адилова Наздана Джемс-Уатқызының «Bolashak» халықаралық стипендиясы аясында Германияның Бремен қаласындағы Constructor University-де өткен ғылыми тағылымдамасының қорытынды тыңдалымы өтті.

 

Кафедра отырысы барысында тағылымдаманың нәтижелері таныстырылды. Ол ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған басым бағыттар тізіміне сәйкес келетін ғылыми бағыттар – математика, академиялық жазу және зерттеу әдіснамасы бойынша жүргізілді. Сондай-ақ, алынған ғылыми және кәсіби дағдылар, жаңа білімдерді оқу процесіне және ғылыми зерттеулерге енгізу перспективалары талқыланды.

 

Отырыстың қорытындысы бойынша тағылымдамадан өту туралы ресми есеп бекітілді. Бағдарламаны сәтті аяқтап, ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін әріптесімізге алғысымызды білдіреміз!