«Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу: нұсқаулықтар мен ұсыныстар» тақырыбында көшбасшылық дәрісFarabi University

«Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу: нұсқаулықтар мен ұсыныстар» тақырыбында көшбасшылық дәріс

30 наурыз, 2025

2025 жылғы 25 наурыз күні сағат 17:00-де 219 аудиторияда Экономика ғылымдарының магистрі, Farabi International Business School маманы Исах Әсем Қуанышқызы «Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу: нұсқаулықтар мен ұсыныстар» тақырыбында көшбасшылық дәріс өткізді. Шара БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ), соның ішінде ТДМ 4 — «Сапалы білім беру» аясында ұйымдастырылды.

Дәріске 1-курстың «Менеджмент» мамандығы бойынша білім алып жатқан МТ25-К2 тобының студенттері мен «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының қазақ бөлімінің студенттері қатысты. Онда ғылыми зерттеудің тақырыбын дұрыс таңдау, зерттеу сұрақтарын анықтау, жұмыстың құрылымын жасау, әдебиеттер тізімін дұрыс рәсімдеу мен жұмыстың академиялық стилін сақтау сияқты маңызды аспектілер талқыланды. Оған қоса, Әсем Исах зерттеу жүргізудің алғышарттары мен ғылыми жұмыстың негізгі түсініктерін айқындап, ғылыми әдебиеттерге шолу жасап өтті. Дәріскер зерттеу жүргізу әдістеріне тоқталып, академиялық мәтін жазудың схемасын көрсетіп берді.

Шара соңында қатысушылар сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Теориялық және практикалық маңызы бар бұл дәрістің болашақ менеджерлер мен мемлекеттік қызметшілерге пайдасы мол болды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: э.ғ.к., доцент Аширбекова Л.Ж., аға оқытушы Аристанова Р.Г., э.ғ.к., доцент Нурсейтова Г.Б.