.jpeg)
2025 жылдың наурыз айында ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Қаржы және есеп» кафедрасының эдвайзері, э.ғ.к. Асилова А.С. ТДМ 8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» және ТДМ 17 «Тұрақты даму үшін серіктестік» аясында JOO High School BESAGASH мектебінде кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.
ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Қаржы және есеп» кафедрасы кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесагаш ауылындағы жеке қазақ мектебінде оқушылармен кездесу өткізді.
🔹Кездесу барысында оқушыларға ҚазҰУ-нің білім беру бағдарламалары, мамандықтар, оқу грантары және мансаптық мүмкіндиктер туралы толық ақпарат берілді. Университет туралы буклеттер таратылып, оқушылар өз сұрақтарына жауап алды.
📌Мақсатымыз – жастарға дұрыс кәсіби бағыт беру, болашақ мамандығын таңдауда қолдау көрсету.
✨ ҚазҰУ – сапалы білім мен табысты болашақтың кепілі!
Басқа жаңалықтар

