"Болашақ медицинасы" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Болашақ медицинасы: сын-тегеуріндер, технологиялар және перспективалар
Қазіргі заманғы медицина түбегейлі өзгерістердің алдында тұр. Диагностика мен емдеудің дәстүрлі әдістерін биомаркерлерді талдау, инновациялық биотехнологиялар және жасанды интеллект негізінде әзірленген дербестендірілген стратегиялар алмастыруда. Медициналық ғылымның дамуы ауруларды ерте кезеңде дәл диагностикалауға ғана емес, сондай-ақ оларды болашақ ұрпақтарда болу ықтималдығын болжауға мүмкіндік береді. Бұл жетістіктер аурулардың клиникалық белгілері пайда болғанға дейін оларды алдын алу мақсатын көздейтін профилактикалық медицинаның дамуына серпін береді.
Конференцияның негізгі бағыттары:
- Қазіргі клиникалық медицинаның пәнаралық мәселелері
- Биомаркерлердің ауруларды болжау, диагностикалау және емдеудегі, инновациялық дәрілік заттарды әзірлеудегі рөлі
- Медицинадағы ІТ-технологиялардың интеграциясы: цифрлық платформалар, клиникалық шешімдерді қолдаудың автоматтандырылған жүйелері
- Медициналық тәжірибедегі жасанды интеллект: диагностикадан дербестендірілген емдеуге дейін
Конференция гибридті форматта (онлайн/офлайн) өтеді. Ресми тілдер: қазақ, орыс, ағылшын.
Толығырақ ақпарат алу үшін сілтемеге өтіңіз https://www.hsm-conferences.org/ru
Басқа жаңалықтар


