Ағаштар-Планета тынысыFarabi University

Ағаштар-Планета тынысы

2 сәуір, 2025

31.03.2025 "Іргелі медицина" кафедрасының оқытушылары Аралбаева А., Назиран Ф., Камалова М., Төрегелдиева А. Және GM 24-01, ЖМ 24-02 топтарының студенттері №11 "Тұрақты қалалар мен елді мекендер" ТДМ шеңберінде "Ағаштар-Планета тынысы" атты акциясын өткізді. Акция барысында студенттермен урбанизация мәселелері туралы қызу пікірталас өткізілді. Халықтың көптігі, ауаның ластануы, қалалардың келбеті мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттер қаланың инфрақұрылымын жақсартуға байланысты ТДМ негізгі міндеттерімен және индикаторларымен танысты.  Акцияның маңызды сәті – студенттер Университет территориясында шырша көшеттерін отырғызды.  Студенттер жас желектерді шабыттана отырғызып, үлкен істің дамуына үлес қоса алғанына қуанды!