«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы және Тұрақты даму мақсаттарыFarabi University

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы және Тұрақты даму мақсаттары

3 сәуір, 2025

2025 жылдың 3 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында ХХХX Халықаралық студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылымдағы студенттер – болашақтың интеллектуалдық әлеуеті» атты ғылыми конференциясы өтті, бұл іс-шара Х Халықаралық Фараби студенттері мен жас ғалымдарының «Фараби Әлемі» оқу-ғылыми оқу бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Конференцияға Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарынан және аталмыш кафедрада қазақ және орыс тілдерін үйреніп жүрген 77-ге жуық шетелдік студент пен магистрант қатысты. Қатысушылардың географиясы ауқымдылығымен ерекше болды. АҚШ, Жапония, Иран, Марокко, Қытай, Украина, Ресей, Оңтүстік Корея, Индия, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Ауғанстан, Ұлыбритания және Монғолия елдерінен келген студенттер өздерінің ғылыми зерттеулерін ортаға салды.  Сонымен қатар, Қытай мен Жапониядан университетаралық академиялық алмасу бағдарламасы бойынша келген студенттер мен магистранттар жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетті.

Конференция жұмысы төрт секцияда жүргізілді: біреуі – қазақ тілінде, екеуі – орыс тілінде, біреуі – ағылшын тілінде. Конференция барысында қатысушылар үйреніп жатқан тілдерінде ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды, бұл өз кезегінде мәдениетаралық академиялық өзара пікіралмасу мен әртүрлі сала бойынша ғылыми білімдерін кеңейтуге ықпал етті. Конференция барысында қарастырылған тақырыптар білім беру, инновациялар, әлеуметтік теңдік, тұрақты даму сияқты ғаламдық мәселелерді қамтыды.

Бұл конференция БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)-мен тікелей байланысты, Атап айтқанда, түрлі елдердің студенттеріне білім беру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, мәдениетаралық білім алмасуды қолдау және ғылыми сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал ететін ТДМ-гың 4 бағыты «Сапалы біліммен» ұштасып жатыр.

Ұйымдастырушылар жас зерттеушілердің өз ғылыми зерттеулерін әрі қарай жалғастырып, ғылымның дамуына және Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге елеулі үлес қосатынына сенімді.

Г.Ә.Мұсаева

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы