«Экологиялық биоинженерия және оның құзыреттілігін талқылау»

28 науырыз 2025 күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биотехнология кафедрасының бірқатар профессор- оқытушы құрамының ұйымдастыруымен «Биотехнология» мамандығының 1 және 3 курс студенттеріне «Экологиялық биоинженерия және оның құзыреттілігін талқылау» атты іс шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: студенттерге экологиялық биоинженерияның негізгі бағыттарын және биологиялық нысандардың қоршаған ортадағы өзара тығыз байланыстылығымен, биотехнологиялық маңыздылықтары бойынша түсініктемелерін кеңейту.
Ұйымдастыру барысында өткізілген іс-шара тақырыбы бойынша студенттер биотехнология кафедрасының профессор-оқытушыларының қысшаша баяндамаларын тыңдады: климаттың өзгеруі, ластану және ресурстардың тұрақтылығы сияқты өсіп келе жатқан экологиялық проблемаларды ескере отырып, биотехнология және экологиялық биоинженерия мамандарына сұраныс артып келеді. Қойылған міндеттерге және мүдделі тараптар үшін білім беруді сапалы ететін нәрсені түсінуге байланысты білім сапасын бағалау тәсілдерін таңдаудың әртүрлі нұсқалары мен мүмкіндіктері бар.
"Экологиялық биоинженерия" экологиялық мәселелерді шешуге және қоршаған ортаны жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа технологияларды әзірлеу үшін экологиялық, биологиялық және инженерлік ғылымдарды біріктіретін жаңа бағыттарды білдіреді. Осылайша, экологиялық биоинженерлер қалдықтарды басқару, инженерия және химия, биология және топырақтану сияқты ғылымдардағы кең білімдерін инновациялар мен технологиялар арқылы адам денсаулығы мен экологияны жақсарту үшін маңыздылығы зор.
Жауапты оқытушылар: Акмуханова Н.Р., Кирбаева Д.К., Садвакасова А.К., Сарсекеева Ф.К., Бауенова М.О., Болатхан К.
Басқа жаңалықтар

